Bugin

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі актер Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Киностудия ұжымына жаңа басшыны мәдениет министрі Асхат Оралов таныстырды. Министр "Қазақфильм" киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.

"Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек",- деді Асхат Оралов.

Айтуынша, министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ке дейін ұлғайтуға ниетті. Бұл ретте прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30%-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

Министр киностудияның жаңа басшысы мен ұжымына сәттілік тілеп, табысты жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қыркүйекке дейін "Қазақфильмді" танымал кинорежиссер Ақан Сатаев басқарған болатын. Ол бұл қызметтен өз еркімен кетті.