Bugin
Қостанай қаласында такси жүргізушісі клиентін пышақтады деген күдікке ілінді.
Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген.
"Аталмыш дерек тіркелді. Полиция жүргізген тексеріс барысында жәбірленушіні жарақаттаған такси жүргізушісі екені анықталды. Жәбірленуші мен жүргізуші арасында жанжал болған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен тергеу жүріп жатыр.
Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық шара қабылданып жатқанын мәлімдеді.