Bugin

ШҚО-да жүргізуші есірткіге мас күйінде көлікпен адам тасыған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ШҚО-да есірткі тұтынып, жолаушыларды тасымалдаған көлік жүргізуші ұсталды.

Шілде айының ортасында жол-көлік патрульдік полициясы Өскемен-Семей тас жолында LADA 21144 көлігін тоқтатты. Аталған жеңіл көлікті 35 жастағы жүргізуші басқарған.

"Құжаттарды тексеру кезінде ер адам біртүрлі әрекет танытып, полицейлерге күдік туғызды. Кейінірек сараптама жүргізушінің ағзасында есірткінің бар екенін анықтады",- деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар өткен жылдың наурыз айында сот оны 8 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырған болып шықты.

Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Құқық бұзушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61