Спорт

Головкиннің қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз шаршы алаңға қайта оралады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) рингке 8 маусымда оралады, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Worldboxingnews.net сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болады.

Сондай-ақ, шоу аясында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - Мацей Сулецки (28-1, 11 КО).
Басылымның мәліметіне сүйенсек, бокс кеші нақты қайда өтетіні әлі белгісіз. Дегенмен басты көшбасшы – Нью-Йорк қаласы болып тұр.