Bugin

Қостанай маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Екатеринбург-Алматы" тасжолында КIA және "УАЗ" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысты.

Оқиға 27 шілдеге қараған түні 588-шағырымда болған. 

Оқиға туралы сигнал Қостанай облысындағы "Щербаково" тасжолы медициналық-құтқару станциясының диспетчеріне сағат 23:31-де түскен.

"Зардап шеккендердің арасында үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам бар. Олардың барлығы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды, екеуі шок күйінде болды", - делінген хабарламада.

Олар зардап шеккен бес адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Алтынсарин ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізген. Құтқарушылар өртті болдырмау үшін комби кескішті қолданып, аккумуляторды ажыратқан.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61