Bugin

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші де қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай-Сарыкөл тасжолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды.

Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында болған.

"ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі қаза болған. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілгені айтылды.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Еске салсақ, Қостанай маңында  КIA және "УАЗ" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқанын жазған едік.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61