Bugin

Ақтауда ер адам үш баласын зорлықпен өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда 3 баласын өлтіріп, өмір бойына сотталған ер адам үкімді қайта қарауды сұраған.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, айыпталушы мен оның адвокаты айыптау үкімінің күшін жоюды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. 

Сот алқасының шешімі үкімді өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз болған жоқ. Сот алқасының осы қаулысына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жантүршігерлік жайт биыл 24 наурызда 27-шағынаудандағы №46 үйде болған. Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталған болатын.

Пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61