Bugin
Ақмола облысының Ақкөл ауданында саяжайда су құбырын қазып жатқан ер адам опырылған траншеяның астында қалып көз жұмды.
Суыт оқиға туралы Ақкөл ауданының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесі хабарлаған. Ақкөл қаласындағы "Наука-1" саяжай массивінде сантехникалық жұмыстар жүргізіп жатқан 59 жастағы ер адам қазылған ордың астында қалған.
"Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобы ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр үй ауласында қазылған орды қарап шықты. Ер адам үй иесімен ауызша келісім бойынша су құбырын тарту үшін траншея қазған. Тереңдігі екі метрлік орға түскен оны таптап нығыздау кезінде жоғары тұсы опырылып құлап ер адам алған ауыр жарақаттан қаза болған", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Аталған факт қылмыстық кодекстің 156 бабы "Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы" бойынша бірыңғай реестрге тіркелген. Мәйіттің денесіне Астана қалалық сот сараптамасы институтында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.