Bugin
Өзбекстанның Ферғана қаласында 4 қабатты үйдің жертөлесінде орналасқан караоке-дәмхана өртенді.
Мәлім етілгендей, өрт туралы хабарлама сағат 11:39-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 11:44-те жеткен. Жалынның таралуы 11:48-де оқшауландырылып, 11:56-да толығымен сөндірілді.
Салдарынан 6 адам қаза болып, тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді.
Ел президентінің тапсырмасымен премьер-министрдің орынбасары Ачилбай Раматов басшылық ететін үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия Ферғана облысына аттанып кетті.