Bugin

Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылды, 2 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті. Жолаушылар арасында қазақстандықтар болған.

Туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.

Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген.

"Таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - деп хабарлады кеше Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.