Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтауда өзінің үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі апелляциялық тәртіппен қайта қаралып, өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.
"Апелляциялық іс сотталушының және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар соттың айыптау үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот алқасы үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ деп таныды. Сондықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды", - делінген баспасөз мәліметінде.
Еске салсақ, маусым айының соңында Ақтауда өзінің кәмелетке толмаған үш баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге сот үкімі шыққан болатын. Пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.
Ол өмір бойынша бас бостандығынан айырылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61