Bugin

Маңғыстау облысында жоғалған азаматты іздеуге тікұшақ тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің,  аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары жұмылған.

 

"Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.

Сонымен қатар аталған аумақты дронмен бақылау да қолға алынды.