Weekend

Коммуналдық төлемді қалай үнемдеуге болады?

Коммуналдық төлемді үнемдеуге арналған 8 кеңес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коммуналдық қызмет шоты келгенде неге сонша қымбат әрі көп шығып кеткен деп дағдарып қалатынымыз рас. Оның барлығы дисциплина мен ысыраптың мәселесі. Ендеше коммуналдық төлемді үнемдеуге арналған 8 кеңесті назарыңызға ұсынамыз. 

№1. Тіс тазалап тұрғанда суды өшіріп қойыңыз

Судың ысырап болатын тұсы тіз тазалағанда. Әр тіс тазалаған сайын суды өшіріп қойсаңыз, 2 литрден аса суды үнемдеуге болады. Осылайша бір айда әжептеуір көлем жиналады. Сондай-ақ ыдыс жуғанда да суды бостан-бос аша бермеген жөн.

№2. Унитазды қоқыс жәшігіне айналдырмаңыз

Көп адам унитазға тамақ қалдықтарын, түрлі ұсақ қоқыстарды лақтыруға бейім келеді. Тұрмыстық қоқысты шайған сайын унитаз суы да біраз ысырап болады. 

№3. Шаңсорғыш фильтрі мен багын тазалап тұрыңыз

Шаң жиналып қалған шаңсорғыш таза тұрғандай аса қуатты бола бермейді. Оның өнімділігі төмендей береді. Бір тазалаған жеріңізді екі-үш рет тазалап кетуіңіз мүмкін, демек электр энергиясын да көбірек пайдаланасыз. 

№4.Бос бөлмелердің жарығын өшіріп жүріңіз

Бұл кеңес қаншалықты үйреншікті болса, соншалықты маңызды. Әсіресе үйден шығарда қай бөлмеде жарықтың өшпей қалғанын байқамау мүмкін емес. Ал енді ойлап көріңіз, 100 ваттық лампасы бар бөлме күні бойы бостан-бос жанып тұр. 8 сағат жанып тұрғанда 800 ватт энергияны ысырап қылдым дей беріңіз. 

№5. Энергия тиімділігі жоғары заттарды пайдаланыңыз

Заманауи электр құрылғыдары бірнеше санатқа бөлінеді. Мәселен, А санатындағы құрылғылар D санатындағыларға қарағанда энергияны 50-80% аз құртады. Ең төменгі әрі тиімсіз санат – G. Мұндай құрылғыдар D санатындағыларға қарағанда энергияны 25% көп қолданады. 

№6. Жарықдиодты шам орнатып қойыңыз

Олар қарапайым шамдарға қарағанда қымбаттау. Бірақ шығыныңыз өзін ақтайды. Жарықдиодты шамдар энергияны 8-10 есе үнемдейді. Олардың қуаттылығы – 5-10 Вт. 

№7. Шүмекке аэратор онатып қойыңыз

Аэратор – шүмекке арналған қондырма. Оның көмегімен суды екі-үш есе үнемдеуге болады екен. Бағасы да қымбат емес, 1500-2000 теңгенің айналасы. 

№8. Унитазға екі түрлі ағызу жүйесін орнатыңыз

Көп унитаздардың көлемі – 8-10 литр. Оны жиі қолдана беру де ысырап. Сондықтан керек кезде 2-4 литр немесе сол 8-10 литрлік жүйені пайдалану үшін екі түрлі (кіші, үлкен) ағызу жүйесі бар бак орнатыңыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61