Bugin

Қызын 35 млн-ға сатпақ болған "әке" ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сурхандарья облысы Ангор ауданында ер адам екі күндік қызын 35 млн сомға сатпақшы болған.

Құқық қорғаушыларға бұл туралы қылмыскердің көршісі хабарлаған.

Оның айтуынша, Ангор ауданында тұратын 54 жастағы ер адам 17 шілдеде туған қызын 35 миллион сумға сатпақшы болған. Ол төрт жылдан бері 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде болған.

Қаскүнем 19 шілдеде сағат 21:00-де ұсталды. Оны өз үйінде 1,4 мың доллар және 10 млн сум алып жатқан кезінде ұстаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Үндістанда отбасылық жұп iPhone сатып алуы үшін сәбиін сатқан болатын.