Bugin

Бағдат Мусин қызметінен кетуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді отставкаға жіберу туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Петиция авторы - Тамирлан Мұратұлы.  

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 02.09.2020 жылы тағайындалған болатын. 2023 жылы 11 шілдеде Бағдат Мусин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде интернеттің әлсіз болу себебі тарифтерге баға белгілеу екенін айтқан, оның сөзінше, "Екінші проблема - Тарифтердің арзандығы және біздің пайдаланушылар интернетте көп отыруы". 

"Оның сөзінен кейін қазақстандық ұялы байланыс операторлары бірінен кейін бірі тариф бағасын көтеріп тастады, ал интернет сапасы бұрынғы күйінде қалды", - дейді петиция авторы. 

Тамирлан Мұратұлы петицияны көптеген қазақстандық қолдайды деп есептейтінін айтады. 

"Себебі ол интернет қызметтерінің бағасын ұстап тұра алмайды, керісінше оларды көтерудің жолдарын табады", - дейді петиция авторы. 

Петицияға 6 мыңнан аса адам қол қойған. 6009 адам петицияны қолдаса, 257 адам қарсы шыққан. Қол қоюшылар саны уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.