ДАМУ

"Көз алдында атасын өлтірген": "Реал Мадрид" ойыншысы туралы қызық дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Спортта жетістікке жету үшін адам бойындағы қара күш жеткіліксіз. Бұған дәлел футболдан әлемнің үздік ойыншыларының бірі - Лука Модрич. Неге хорватиялық жартылай қорғаушы ең мықты спортшылардың бірі атанды? Bugin.kz порталы осы жайлы қызықты дерек ұсынады. 

1985 жылы дүниеге келген Лука спорт мансабында Чемпиондар Лигасын 5 рет жеңіп, 3 мәрте Испания чемпионы атанды. Мұның бәрі 2012 жылы испаниялық "Реал Мадрид" сапына келгеннен басталған еді. 

Фото: wallpapercave.com

Фото: wallpapercave.com

Ала доп тарихында мұндай жетістікке бабы мен бағы келіскендер ғана жеткен. Кейде оның өзі аздық етеді. Хорватияның үздік ойыншысының мұндай белестерге шығуына балалық шағындағы аса ауыр жағдай әсер еткен болуы мүмкін.

1991 жылы Лука Модрич небәрі алты жаста болатын. Ол уақыт - Югославияның ыдырап жатқан тұсы. Луканың ауылына келген бір топ көтерілісші баланың атасын, яғни Модричті жұрттың алдында атып тастайды. 

Модричтер отбасысы басқа қалаға қоныс аударуға мәжбүр болады. "Қашқын" деген атақ алып та үлгереді. Бұл жағдайдың бәрі алты жасар Лукаға ауыр тигені анық. Бір жағынан шыңдалып өсуіне үлкен септігін тигізеді.

"Соғыс мені күштірек етті. Бұл естеліктердің мені өмір бойы мазалағанын қаламаймын, бірақ оны ұмытқым да келмейді", - дейді футболшының өзі.

Әкесі әскерден келген соң, Луканы жергілікті футбол академиясына беріп, одан ақшаны аямады. Сол кездегі мамандардың сынына қанша ұшыраса да, әкесі үміт үзбеді, баланың өзі де берілмеді.

Жаттықтырушылардың бозбаланы аса ұнатпағанын дұрыс түсінуге болады. Себебі Лука нәзік әрі шидей арық болған.

Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

"Ол күні бойы доп тебуден шаршамайтын. Өз жасы үшін оның дене бітімі сай келмейтін. Десек те, бір қарағанда бойынан талантты байқауға болар еді. Уақыт өте келе ең таңдаулы ойыншының біріне айналады деп ешкім ойламады", - дейді футболшының алғашқы жаттықтырушысы.

Міне, осыған қарап, спортта тек күштің ғана емес, психологиялық дайындықтың жоғары болғаны үлкен әсер ететінін байқауға болады.