Bugin

Автосервисте жол талғамайтын көлік түгі қалмай жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда автосервистің боксынан өрт шықты. Қызыл жалын көлікті, ғимараттың кіреберіс қақпасын шарпыды.

Апат 31 шілде сағат 16:22-де болды.

Диспетчердің пультіне Қарағанды қаласының Восток-3 шағынауданы мекенжайынан өрт туралы хабар түскен.

"OTTO OIL Service» көліе майын ауыстыру бойынша автосервистің боксында көтергіште 4 шаршы метр алаңда "Mitsubishi Space Wagon" автокөлігінің жанатын бөліктері өртеніп кетті", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жаудың салдарынан жол талғамайтын көлік толығымен жанып кетті.

Сондай-ақ, кіреберіс қақпа мен терезе блоктары жоғары температурадан зақымданған.

"Қызыл жалын сағат 16:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп толықтырды ТЖД.