Bugin

Алакөлге демалуға барған ер кісі аяғынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алакөлде су мотоциклі жүзіп бара жатқан демалушыны қағып кетті. Зардап шегушінің аяғын жұлып кетті.

Оқыс жағдай Ақши ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Демалушылардың сөзінше, турист суға батып бара жатқан, оны құтқармақшы болған сәтте су көлігінің бұрандасы аяғына тиіп, тізеден жоғары бөлігі жұлынған. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 39 жастағы науқас Алакөл аудандық ауруханасына түскен. Сол аяғына операция жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.