Bugin
Фотограф Ернар Алмабек Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында ерекше кейіпкер тапқан. Оның есімі - Айдос. Небәрі 18 жастағы жігіт жазда сиыр бағып, біраз қаржы табады екен.
Ернар Алмабек Айдосты кездейсоқ кездестіріп қалғанын айтады. Жігіттің сырт келбеті де назарыңды аудартпай қоймайды.
Айдос жыл сайын мал бағып, шөп жауып жұмыс істейтінін, соның арқасында шамамен 500 мыңдай табыс табатынын жасырмаған.
"Бір басы - екі мың. Мында 250 бастай бар. Жақсы ақша шығады. Студентпін. Осы Көкшетау қаласында Шоқан университетінде оқимын. Мамандығым - тау-кен ісі", - дейді Айдос.
Желі қолданушылары еңбекқор жігітке ақ жарма тілектерін арнаған.
"Енді еңбек етіп, ақша табуға "анау жоқ, мынау жоқ" деп сылтау айтатындар, бұл жігітке не дейсіздер? Жарайсың, жүзі жылы, ақжарқын адамдарды сіздің бейнеден көріп, бір демалып қаламын", "Шетелдік кинолардағы мотоциклмен жүретін саяхатшылар сияқты. Жарайсың, бауырым!", "Сіз шырт еткізген фотоның жаманын көрмеппін. Тамаша қазақтың сары баласын әдемі сомдапсыз", "Мал бағу оңай жұмыс емес. Таңнан кешке дейін ыстықта, жаңбырда, желде мал соңында жүру оңай емес. Еңбегің еленсін!", "Модель бала, арнайы киініп шыққандай. Мал бағып жүрсе де не деген ұқыпты бала. Жарайсың! Алға, еңбекқор жігіт!", "Жарайсың!!! Әр қадамың сәтті болсын! Мал баққан оңай емес, еңбегіңнің жемісін жақсылыққа жұмсауға Алла нәсіп етсін!" - деп жазған әлеуметтік желідегілер.