Bugin

Шымкент тұрғыны досын интимдік фотосуретпен бопсалап, ақша талап еткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арыз түсірді. Жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін айтты.

 

Бопсалаушы жігіттің интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялайтынын айтып, қорқытқан.

Белгісіз адамның сөзіне сеніп, өзінің беделіне алаңдаған тұрғын оның талабын орындауға келісіп, 10 миллион теңге салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезінде полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тіркеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Анықталғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.

Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.