Bugin

Елімізде қант қымбаттай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күзде қант бағасының өсуі мүмкін бе? Бұл сауалға Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді. 

"Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал", - деді Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.