Bugin

Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 шілдеде болған. Ер адамның мұндай қадамға баруына сүйген қызының қарамай қоюы себеп болыпты.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп мәлім етті полиция.

Ер адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.