Bugin

Адамдар терезеден секіріп жатыр: Тұрғын үйден өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 16 қабатты үйдегі пәтер өртеніп жатыр. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.

"Ақкент" ықшам ауданында өрт шықты. Адамдар терезеден секіріп аман қалуға бекініп жатыр дейді видео авторы", - делінген тағы бір жазбада.

Алматының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 1 тамызда сағат 17:10-да төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданындағы Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайына жіберілді.

 

"Оқиға орнына 6 минутта жетіп, 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында 5-6-қабатта лифт шахтасында электр сымдары өртеніп жатыр", - деп хабарлады департамент.