Bugin

Қарғыс жазылған хабарландырудың авторы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайлық қарғыс жазылған хабарландырудың авторы оқиғаның өз нұсқасын айтып берді.

Қостанайдағы АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) секілді бірнеше нысан орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің қасында 61 жастағы ер адам қармақ алған адамға эмоционалды хабарлама қалдырған.

"Қармақтарды қайтар, әйтпесе мен сенің өліміңе дуа жасатамын. Ал егер өлсең, бұл қармақ сенің мәйітханаңа мәңгілік есте қалу үшін салынады. Менің таныстарым бар, ақымақ!", - деп жазған автор.

Кейін бұл хабарландырудың авторы табылып, тіпті 48 300 теңге айыппұл төлеген.

Хабарландыруды жазған адам Андрей Викторович екен. Көп жылдан бері сантехник болып жұмыс істейді, балық аулауға әуес. Үйленген, екі бала тәрбиелеп өсірген. Оның айтуынша, 7 шілде күні таңертең ерте достарымен балық аулауға шығып, көлікке заттарды тиеп, қармақтарды ұмытып кеткен. Көл жағасына барғанда ғана қармақ жоғын байқаған.

"Бәрі менің туған күнім қарсаңында болды. Мен полицияға бардым, арыз жаздым. Ол жерде бірнеше камера жұмыс істеп тұрғанын білемін, олардан камераны қарауын өтініп, бәлкім тауып қалармын деген ой болды. Сосын олар жұмыс істемегеннен кейін өз бетіммен әрекет ете бастадым. Қармақты қайтарып берген адамға ақшалай сыйақы беретіндігімді айтып, хабарландыру ілдім. Ол бір аптаға жуық тұрды. Бірақ еш пайдасы болмады. Содан мен 5 минут ішінде фломастермен осыны жаздым", - деді Андрей Викторович.

Викторовичтің айтуынша, ол өзінің "жарнамасының" желіде жарияланғанын таныстарынан білген. Телефоны ескі болғандықтан интернетті пайдаланбайды.

"Мен шектен шығып кеттім. Ашуланып тұрғанда жаздым. Мен өзім үшін қармақ сатып алдым. Менің қармағымды алған адамға өлім тілемеймін. Соның рахатын көрсін. Мен ол уақытта ашулы едім. Қазірдің өзінде 48 500 теңге айыппұл төледім. Қосымша 200 теңге банк комиссиясы", - деді Андрей Викторович.

Викторовичтің айтуынша, өткен жылы жолдан құжаттар, карточкалар, ақшалары бар әмиян тауып алып, бірден полицияға жүгінген. Біраз уақыттан кейін иелерімен кездескен. Сұрамаса да, жігіттер оған үлкен сыйлық берген. Өкінішке қарай, оның жағдайында заттар өзіне қайтарылмаған.

"Маған көбісі айыппұл төлеуге көмектескісі келгенін естідім, ниеттеріңізге рахмет!", - деді Андрей.

Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған қармақ әлі табылған жоқ.