Bugin

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды.

30 шілдеде "Қостанай-Введенка" тасжолының 77-шақырымында "Мерседес" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, екі факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Облыс жолдарында биыл 41 адам қаза тапқан. Қостанай облысының Полиция департаменті тағы да жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады!", - делінген ПД хабарламасында.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61