Bugin
Екібастұзда жасөспірімдер әйелді тырнап тастады, әйел адамның баласы да зардап шекті.
Әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Екібастұз қаласының сауда үйінде ана мен балаға екі жасөспірім қыз озбырлық әрекет көрсеткені туралы белігілі болды. Лифтіге ана мен баланы кіргізбей, дөрекі мінез-құлық көрсеткен.
"Қыздар бізді лифтінің ішіне кіргізбей тұрды. Мен ескерту айтқан кезде, олар маған айғайлап, дөрекілік таныта бастады. Менімен бірге лифтіде адамдар тұрған еді", - деп жазды хабарламаның авторы .
Бұл қылықты бейжай қалдырғысы келмеген ана баласын күзетшіні шақыру үшін жіберген. Сол кезде екі қыз бала қашқысы келген, алайда әйел адам оларды ұстап алуға тырысқан. Бұл уақытта олар әйелді тырнай бастаған, ал жеті жасар баласы анасын қорғап қалғысы келген. Екі жасөспірім қыздың біреуі ұл баланың ішінен тепкен. Осыдан кейін әйел адам полицияға барып, арыз жазған. Облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша түсініктеме берді.
"А. тұрғынының өтініші тіркелді. 14-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған екі қыздың жеке басы анықталды. Олардың ата-анасымен жұмыс жүргізіледі", - деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандар оқитын оқу орындарында олардың мінез-құлқы талқыланатын алдын алу кеңесінде қарауға шығарылады. Соңғы шешім тексеру жүргізілгеннен кейін қабылданады.