Bugin

Алматыда Ақкенттегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтауда жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

"12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.