Bugin

СҚО-дағы шошқа фермасында 4 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы EMS AGRO шошқа кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты. Оқиға болған Новоивановка елді мекеніне өңір басшысы Айдарбек Сапаров барды.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталысымен мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.

Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғандығы анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.