Bugin

Шошқа шаруашылығында жұмыс істейтін 4 адам бір күнде қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

СҚО-дағы шошқа өсіру кешенінде төрт жұмысшының қаза болуына қатысты дерек тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 тамыз сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.

"Олардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факт ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.