Bugin
Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарды.
"Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Сондықтан дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорқу туралы ойламадым", – деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйден өрт шықты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Өрттен 80 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірілгенін мәлімдеді.