Bugin

Қарағанды облысында сотталған ер адам түрмеден қашып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында 31 шілдеде орташа тәртіптегі колониядан қашып кеткен рецидивист көп ұзамай ұсталды.

Ведомство мәліметінше, 31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған ер адам қашып кеткен.

"ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағындағы объектіде жөндеу жұмысын жүргізген. Бірнеше сағат ішінде қашып кеткен сотталғанды жедел қызметкерлер ұстады. Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабараламада. 

Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.

29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.