Bugin

Астанада жеңіл көлік жолаушылар мінген автобусқа соғылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада жеңіл көлік жолаушылар мінген автобусқа соғылды, салдарынан 25 жастағы жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 1 тамыз күні сағат 15:30-да болған.

"25 жастағы жүргізуші Lada автокөлігімен келе жатып, Yutong автобусымен соқтығысты. Оқиға салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі түрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды, қалған зардап шеккендер тексерілгеннен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.