Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік айдап, үш адамды қағып кетті. Апат салдарынан сәби көз жұмды.
Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.
"Әйтеке би көшесімен келе жатқан "ВАЗ-21140" көлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.
Оқиға салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады полициядағылар.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61