Bugin

Түркияда жол апатына түскен тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық қайтыс болғанын мәлім етті.

“Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі”, – делінген хабарламада.

Ведомство бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді.