Bugin

Желіде ер азамат әйелдің шашынан сүйреген видео тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстандағы Қашқадария облысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оны каналға итеріп жіберген.

"Новости Кашкадарьи" мәліметінше, оқиға 23 шілдеде түнгі сағат 1 шамасында болған. Әйел құрбысымен үйіне қайтып келе жатқан. Олардың қасына көлік тоқтап, одан ортақ танысы түсіп, жәбірленушіге шабуыл жасаған. Видеода ер адамның әйелді шашынан сүйреп, көйлегін жыртып, каналға итеріп жібергенін көруге болады.

Әйелдің айтуынша, ер адам мас болған және оны зорламақ болған, бірақ қарсыласқаннан кейін каналға итеріп жіберген.

Ер адам қамауға алынып, тергеу жүріп жатқаны айтылды.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз