Bugin

"Жыннан аластаймын": Павлодарлық алаяқ кәсіпкерді 120 млн теңгеге емдеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарда алаяқ кәсіпкер әйелді “жыннан аластатамын” деп 120 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу дерегіне сәйкес алаяқ алматылық келіншектің бизнесін жүргізуге “жын-шайтандар кедергі келтіріп тұр” деп сендірген. Тіпті шұғыл аластаса, ісі алға басатынына иландырыпты. Бірақ бұл қызметі үшін қомақты қаржы талап еткен. 

"Мамон" есімді жынды шығарып, көре алмаушылардан аластағаны үшін әр сеансына 8 миллион теңгеден алып отырған. Кәсіпкердің алаяққа сенгені сонша, тіпті оның рұқсатынсыз өздігінен ешқандай шешім қабылдай алмай қалған екен.

Ал көп уақыттан бері еш өзгеріс байқамаған кәсіпкер алаяқтың арбауына түскенін ұғып, полицияға арыз жазған. Қазір 35 жастағы павлодарлық 5 жылға сотталып, Абай облысындағы қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеп жатыр.

“Сотталған әйел сөзіне сендіру қабілетінің арқасында танысын бизнесі жүріп кетуі үшін өзін және отбасы мүшелерін жын-шайтандардан аластау керектігіне сендірген. Ол ең алдымен Мамон есімді жынды шығаруы керек деп сендірген. Мамоннан құтылу үшін танысы оған 500 мың теңге, кейін тағы да 2 миллионнан астам қаражат берген. Бүгінде сотталған жазасын мекемеде өтеп жатыр. Барлық тәрбиелік іс-шаралар өткізілді”, – деді Абай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.