ДАМУ

"Атасы Ленин мен Сталинге қызмет еткен": Путин туралы 5 қызықты дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдетте танымал тұлғалардың өмірі қызықты оқиғаларға толы болады. Bugin.kz порталы Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты бірнеше дерек ұсынады.

Көршісі Украинаға соғыс ашқан Ресейді және оның президентін әлем халқының көпшілігі ұнатпайтыны рас. Ал төмендегі ақпараттарды оқысаңыз, тіпті жек көріп кетуіңіз мүмкін.

Үлгерімі нашар оқушы болған

9-сыныпта Путин №281 Ленинград мектебінде оқуды таңдайды. Себебі онда олар қаланың ең қабілетті студенттерін ғана қабылдайтын. Ресейлік таблоид кейінірек Путиннің сынақ кітабын тапқанын хабарлады. Онда Путин "сынып тақтасынан өшіргіштерді балаларға лақтырды", "математика бойынша үй тапсырмасын орындамады", "ән сабағында өзін нашар ұстады" және "сабақ үстінде сөйлесті" делінген. Сонымен қатар сынып жұмысын таратып жатып ұсталып қалғаны, дене шынықтыру пәнінің мұғалімімен, жоғары сынып оқушыларымен жиі төбелесетіні жазылған. Мектеп қабырғасында ол КГБ-да оқығысы келеді. Алайда ұйым еріктілерді қабылдамайтынын, қатысушыларды қолмен таңдайтынын білген соң, заң мектебіне оқуға түсуге өтініш береді. Осылайша Путин 1975 жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірді.

Путиннің қызы көп

Путиннің 1980 жылдардың ортасында Шығыс Германияның Дрезден қаласында дүниеге келген Мария мен Кэтрин атты екі қызы бар. Оған қоса, әртүрлі әйелден туған қыздары бары айтылады.

Алайда бұдан басқа мәлімет құпия болып қала бермек. Жақын туыстарының фотосуреттері ешқашан түсірілмеген, ал ресейлік БАҚ аталмыш ақпар туралы жақ ашқан емес.

Путиннің атасы Ленин мен Сталиннің аспазы болған

Ресей басшысы әкесінің атасы Спиридон Иванович Путин Владимир Лениннің саяжайында аспаз болған.

Ленин қайтыс болғаннан кейін, Спиридон Путин кеңес басшылығында жұмысын жалғастырды. Тіпті Мәскеу маңындағы саяжайлардың бірінде Иосиф Сталинге бірнеше мәрте тамақ істеп берген.

Путин - тыңшы

Путин 16 жыл бойы КГБ-да (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) офицер қызметін атқарған.

1975-1991 жылдар аралығында Шығыс Германиядағы барлау қызметінде тыңшылық жасады. 

Дон Жуан Путин

Германияның барлау қызметінде "балкон" лақап атымен жұмыс істеген агент Путиннің әйелі Людмиламен кездескен. Людмила күйеуінің көзіне шөп салғанын және оның қол көтергенін жасырмаған.

Айта кетейік, осыған дейін Путиннің Пригожинмен және "Вагнер" командирлерімен құпия кездесуі туралы жазған едік.