Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркістан облысында әйел адам жоғалып кеткен. Оған қатысты жаңа деректер пайда болды.
Полицияның хабарына қарағанда, жоғалған Г.Наржігітованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды.
"Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.
Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.
"Егер сізде 1985 жылы туылған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61