Спорт

Мане: «Манчестер Ситидің» ұтыла бергенін қалаймын, алайда ол өте жақсы команда

Маусым соңында кім чемпионы болар екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане «Манчестер Ситимен» жарыстағы өз командасының қандай қысым көріп жатқаны жайлы айтты.

«Әрине, біз өзіміздің нәтижелерімізді ойлаймыз. Алайда, кейде «Манчестер Ситидің» ойындарын көріп жатып, өзіміз ойнағандағыдан гөрі қаттырақ қысым сеземіз. «Ситидің» ұтылып отырғанын қалаймын, бірақ ол өте жақсы команда, олар жиі ұтылмайды» – деген Маненің сөздерін Sky Sports жеткізеді.

«Манчестер Сити» 77 ұпаймен АПЛ-де көш бастап келеді. «Ливерпуль» 76 ұпаймен – екінші орында. «Ливерпуль» ең соңғы рет 1989/90 жылғы маусымда чемпион атанған.