Bugin

Ресей армиясына Қазақстаннан еріктілер іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Reuters агенттігі қазақстандық сайттарда Ресей армиясына еріктілерді іздей бастағаны жайлы жазды.

Жарнаманың қазақстандықтарға бағытталғаны анық екені айтылған – онда Ресей мен Қазақстанның тулары бейнеленген, ал рәміздердің жанында "Иін тіресе" деген ұран бар.

Хабарландыруда Сахалинде әскер қатарына қосылуды ұсынатын сайт көрсетілген. Оны кадрларды іріктеуге маманданған Сахалин облысының адами капиталды дамыту агенттігі ашқан.

Жұмысқа қабылданғандарға 894 мың теңге (2000 АҚШ доллары) жалақы және 2,3 миллион теңге (5300 АҚШ доллары) біржолғы төлем ұсынылады.

Бұған дейін украиналық саясаткер Алексей Гончаренко Қазақстанның Ресейдің ақпараттық шабуылына ұшырағанын айтқан болатын.