Bugin

Ислам мемлекетінің қос бірдей басшысы ажал құшты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ислам мемлекеті" жиһад ұйымы көшбасшылары Әбу Әл-Хуйсени Әл-Курайшидің мерт болғанын мәлімдеді. Ол ұйымды 2022 жылдың қарашасынан бастап басқарған.

 

Жиһадшылармен байланысты Telegram-арнада ұйымның жаңа басшысы болып Әбу Хафс Әл-Хашими Әл-Курайшидің тағайындалғаны туралы аудиожазба тарады. Бірақ жазбаның қашан жазылғаны белгісіз. Мұнда "Ислам мемлекеті" ұйымының өкілі Курайшидің Сирияның солтүстік-батысында басқа ұйыммен қақтығыс кезінде қаза тапқанын айтады. 

"Ислам мемлекетінің" бұрынғы басшысы Әбу Әл-Хасан Әл-Курайши Сирияда 2022 жылдың күзінде мерт болған. Ол америкалық арнайы қызмет көзін жойған Әбу Ибрагим Әл-Хашеми Әл-Курайшиді алмастырып, бірнеше ай ғана билікте болған еді.

2023 жылдың сәуірінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған түркиялық барлау қызметінің "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісін анықтап, көзін жойғанын мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты растайтын ешқандай дәлел келтірмеген. 

Көп ұзамай түркиялық Anadolu ақпарат агенттігі Курайши өлтірілген үй мен бейнежазбаларды жариялады. 

Reuters агенттігі сириялық дереккөзге сілтеме жасай отырып, операцияның Сирияның солтүстігіндегі Джандарис қаласында өткізілгенін хабарлады. Аталмыш қала Түркиямен шекарада орналасқан.