Bugin

"Дос-Мұқасан" ансамблінің бір мүшесі өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов қайтыс болды.

Қайғылы хабар туралы "Дос-Мұқасан" тобының Instagram парақшасында жарияланды.

"Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Литвинов  Михайлович өмірден озды. Ол – "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады" делінген жазбада.