Bugin

BMgoGREEN жобасы Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге үлес қосады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

4 тамыз күні Алматыда "Қарағай орманы" экопаркінің аумағында "Эфес Қазақстан" компаниясы Eco Fund Tabigat жеке қорымен бірлесіп эко-жобаның басталуына орай арнайы шара өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қарағай орманы" экопаркінің аумағында #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының іске қосылуына орай Eco Fund Tabigat жеке қорының негізін қалаушысы Тимур Елеусізов және "Эфес Қазақстан" ШК АҚ бас директоры Эртан Курт, маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Эркан Альп, Үкімет және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Чингиз Қаскеев БАҚ өкілдерімен бірге орманды қалпына келтірудің бастамасы ретінде көшеттер отырғызды.

Eco Fund Tabigat жеке қорының басшысы Тимур Елеусизовтың айтуынша, "Қарағай орманы" саябағын құрудың басты мақсаты – қаладағы жасыл желектің санын арттыру, экология мәдениетін насихаттау және елдегі экологиялық жағдайға жұрттың назарын аудару.

"Біз "Қарағай орманы" жобасын бастаған кезде оның ауқымды көлеміне сеніммен қараған жандардың саны аз еді. Ал бүгінде бұл мекен бәріміздің күш-жігеріміздің арқасында үлкен саябаққа айналып келе жатыр. Бұл бастамасы ғана. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экосаябақтарды құруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Фото: "Эфес Қазақстан" компаниясының PR бөлімі

Фото: "Эфес Қазақстан" компаниясының PR бөлімі

Ағаш егу ұзақ уақыт бойы экологиялық тұрақтылыққа бағытталған маңызды қадам ретінде танылды. Егілген әрбір ағаш ормандардың жойылуымен күресуде, көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуде, ауаның сапасын жақсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда және болашақ ұрпақ үшін экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар ағаштар эрозия мен су тасқынына қарсы табиғи тосқауыл ретінде әрекет етеді, жергілікті қауымдастықтар мен жануарлар дүниесін қорғайды.

"Эфес Қазақстан" ШК АҚ бас директоры Эртан Курт Қазақстанды шарпыған орман өрттері жиі болғанда экологиялық мәселелерді шешудің өзектілігі бұрынғыдан да айқын көрінетінін айтты.

"Орман өрті елдің экожүйесі мен халқына әсері қатты алаңдатады. #BMgoGREEN науқаны, ең алдымен, бүгінгі мәселені көрсетуге, сондай-ақ өнімді саналы тұтынуға бағытталған. Күшімізді біріктіріп, бәріміз бірге бір-бір ағаштан егейік. Бірге Қазақстанның нулы ормандарын қалпына келтіруге әсер етіп, болашақ ұрпақ үшін жеріміздің табиғи сұлулығын сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қоса аламыз", - деді Эртан Курт.

#BMgoGREEN әлеуметтік жобасы "Белый Медведь" брендінің және Eco Fund Tabigat  жеке қорының қолдауымен осы жазда өз жұмысын бастады. Шілдеден қыркүйекке дейін "Эфес Қазақстан" АҚ Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру және кеңейту үшін "Белый Медведь "Золотая Серия" өнімінің әрбір сатылымынан 10 теңге инвестиция ретінде бағытталады.

"Біз "Белый Медведь Золотая Серия" брендімен бірлесе отырып, Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау және ормандарды толықтыру жөніндегі игі бастаманы қолға алдық. Оң өзгерістер енгізу ниетімен шабыттанып, зардап шеккен аймақтардағы ормандарды қалпына келтіру үшін сатылған әрбір бөтелкеден 10 теңгеден жинаймыз. Осы іске тікелей үлес қосу арқылы біз зардап шеккен ландшафттарды қалпына келтіруге ұмтыламыз", - дейді маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Аль.

Атап айтсақ, корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік аясында "Эфес Қазақстан" компаниясы халықтың назарын еліміздегі қоршаған ортаны көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға алғаш рет көңіл аударып отырған жоқ. Осылайша бизнестің табиғатты қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауының айқын үлгісін көрсетіп отыр.

Фото: "Эфес Қазақстан" компаниясының PR бөлімі

Фото: "Эфес Қазақстан" компаниясының PR бөлімі

Корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Чингиз Каскеевтің айтуынша, "#BMgoGREEN жобасы әрі қарай жалғасады. Болашақта Қазақстанның өрттен зардап шеккен аймақтарына көшет отырғызуды жоспарлап отыр.

2022 жылдың қазан айында Most бизнес-инкубаторымен серіктестікте кәсіпкерлік бағдарламасы іске қосылды. Онда компания айналмалы экономика саласындағы жобаларды дамытатын және олардың көміртегі ізін азайтатын жас Greentech стартаптарына қолдау көрсетті. Нәтижесінде үш жоба инвестицияға ие болды. Олар:

- Neo Ecology (Алматыдағы су айдындарын қалпына келтіру және тазарту жобасы neo-ecology.net);

- Plastic Hara Hura (қайта өңделген пластмассадан жиһаз, интерьер заттары мен пайдалы бұйымдар шығару)

- Urgaq.Eco (кофе қалдықтарынан эко-былғары өндіру).

Сондай-ақ 7 жыл ішінде (2013-2019 ж.ж.) "Эфес Қазақстан" компаниясы мен Қазақстанның Зоология институты "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтаңыз" атты жоба аясында бүркіттерді табиғатта өмір сүруге бейімдеу арқылы олардың санын көбейте алды.

Экологтар мен орнитологтардың айтуынша, бағдарлама басталғанда Алматы облысында құстардың жалпы саны он жұпқа да жетпейтін. Әлеуметтік жоба аяқталғаннан кейін жұп құстардың саны 25 жұпқа дейін өсті.