Bugin
35 жастағы турист қарапайым судан уланып, көз жұмды.
Саяхатының соңғы күнінде оның басы айналып, ауырған. Сондай-ақ ағзасы сусызданып, шөлдей берген. Бірақ судың ешбір мөлшері оның шөлін қандыра алмапты. Көз жұмбастан бұрын төрт бөтелке (1 бөтелке 500 мл ) шамасында су ішкен.
Мисс Саммерс үйіне келгенде миының қатты ісіп кетуіне байланысты гаражда есінен танып қалған. Сөйтіп есін жимастан көз жұмды.
Ауруханада дәрігерлер оған гипонатриемия немесе судың интоксикациясы деп аталатын диагноз қойған. Ол денеде судың көп болуы және натрийдің жеткіліксіз болуы нәтижесінде пайда болады.
Мисс Саммерстің ағасы Девон Миллер қарындасының жағдайы туралы естігенде өз құлағына өзі сенбегенін айтады.
“Бұл бәріміз үшін үлкен соққы болды. Мен біраз уақыт ойланып тұрдым”, – дейді ол.
Миллер сондай-ақ оның қатты шөлдегенін, құмды жағалаудан шығып, айлаққа жеткенде дейінгі 20 минуттың ішінде қарындасының 4 бөтелке суды ішіп тауысқанын жеткізді.
Олар бұл жерде 1 шілдеден 4 шілдеге дейін демалған.