Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБатыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады.
29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.
Ол Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 миллион теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Орал полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.