Bugin

Супермаркетте зат ұрлаған адамның әрекеті әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Супермаркеттен 44 192 теңгенің затын ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.

Астана қаласы Алматы ауданы ПБ-ның полицейлері жалпы құны 44 192 теңге тұратын ұстараның ауыстыру қосалқы бөлшегін ұрлаған 27 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнын қамтып тұрған бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарап, жасалған ұрлық сәтін жазып алған.

Нәтижесінде, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасаған ер адам анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.

Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полиция департаменті сауда орталығындағы саудагерлерге қырағы болуды және дүкендерде ұрлыққа қарсы шаралар кешенін орындауды назарға алуды ұсынады.