Bugin
Сальвадордағы жерлеу қызметі бюросы тұтынушыларға Барбидің суреті бар қызғылт табыттар ұсына бастады.
Қызғылт металл түсті табыттар Гватемала шекарасына жақын Ауачапан қаласындағы "Альфа және Омега" жерлеу бюросында сатылымға қойылды.
Жерлеу қызметінің қожайыны Исаак Вильегас Барби фильмінің шілде айындағы премьерасына дейін қызғылт табыттарды сатылымға шығаруға ұсынғанын айтты. Бірақ Латын Америкасын дүр сілкіндірген дүрбелеңнен соң қуыршақтың суретімен тек табыттардың қақпағының асты безендіруге тура келген. Табытта кішкентай ақ жұлдыздар да бар.
"Мен бұл үрдісті ұстанып, біз одан тысқары қалмауымыз керектігін айттым", – деді Вильегас.
Сондай-ақ жерлеу қызметінің қожайыны Барби табыттары айналасында жарнамалық науқан ұйымдастырып, соның аясында 10 данасы сатылып кеткенін айтады.
Вильегас бір жыл бұрын адамдар қоңыр, қара, ақ немесе сұр түстер сияқты дәстүрлі табыттарды таңдағанын жеткізді. Бірақ одан кейін жағдай өзгерген. Бір отбасы марқұм туысы "бақыттың құшағында" болуы үшін адамды бақытқа бөлейтін түсті таңдағысы келетінін айтқан. Осылайша қызғылт түс трендке енген.
"Бізде қызғылт түстегі табыттар көбірек, өйткені оған сұраныс жоғары", - деді ол.