Bugin

Ақмола облысында көлік ұрлаған ер адам жол апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицейлер Ақмола облысында мас ер адам көлікті ұрлап, артынан рульге ие бола алмай жол апатына ұшырағанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні кешке болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында Көкшетаудағы жергілікті үйлердің бірінде 25 жастағы жігіт ауладан Nissan Primera көлігін ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған.

"Әшімов көшесінде Nissan көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, тоқтаған жоқ, ол рульді басқара алмай, апатқа ұшырап, аялдаманы зақымдап, көшелердің бірінде орналасқан дүкенге соғылған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-жәрдем қызметкерлері жол-көлік оқиғасын тудырған адамның мойын омыртқасы мен кеуде тұсы көгергенін айтты.

Ер адам сотқа дейін Көкшетау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствода аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200 бабы "Көлікті айдап әкету" дерегі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны атап өтілді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61