Bugin

Көшкіннің салдарынан 12 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузияның Шови ауылында таң атқалы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, кеше сағат 15:00-де курортты ауылды көшкін басып қалғанына екі тәулік болды.

Мерт болғандар саны 12 адамға жетті, тағы 25-29 адамға іздеу жарияланды. Бұл сандар қайта-қайта өзгеріп жатыр, 210 адам эвакуацияланды.

Құтқарушылар бүгін көшкін басып қалған саяжайлар мен коттедждерге де жетеді деген үміт бар.

Грузияның әлеуметтік желілері көшкін кезінде жоғалып кеткен адамдардың суреттеріне толы.

Оқиға болған аймаққа еріктілер келіп жатыр. Алайда полиция арнайы дайындығы мен құрылғылары жоқ адамдарды жібермеуге тырысуда.

Елде Аза тұту күні 7-ші тамызға белгіленгеніне қарамастан көптеген ойын-сауық іс-шараларына тыйым салынды.