Bugin

Алматы облысында мектеп оқушыларының төбелесі өліммен аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосын kris_p_issyk парақшасы жариялады.

Кадрлардан жасөспірімдердің жаппай төбелес кезінде таяқтарды қолданып, бірін-бірі боқтап жатқанын көруге болады, қарудың дауысы да анық естіледі.

Жазбада төбелеске үлкен балалардың ақша сұрауы себеп болғаны айтылған.

"Төбелес кезінде 17 жастағы бір жасөспірім қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша төртеуі түрлі жарақат алып, ауыр халде жатыр", - делінген жазбада.